БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алисджабана мерекелік іс-шараға қатысып, Наурыз мейрамының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында өнерпаздар ұжымдары көрермен назарына Үндістан, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының фольклорлық және заманауи билерін ұсынды. Іс-гара қонақтарына Наурыз мейрамына орай әзірленетін ұлттық тағамдар ұсынылды.
ЮНЕСКО Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген Наурыз халықаралық күні көптеген халықтардың мәдени дәстүрі ретінде көктемнің алғашқы күні мен табиғаттың жаңаруын білдіреді. Бұл мереке ұрпақтар арасындағы, сондай-ақ отбасы ішіндегі бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтарын ілгерілетуге, сондай-ақ татуласу мен тату көршілікке, мәдени әртүрлілікті сақтауға және халықтар мен түрлі қауымдастықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.