Спорт • 23 Наурыз, 2023

Бүгін қазақстандық 6 боксшы әлем чемпионатында бақ сынайды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін қазақстандық 6 боксшы әлем чемпионатында бақ сынайды

Қазақстандық алты боксшы Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда бақ сынайды.

Қарсыластардың қай-қайсысы да осал емес. Бірінші болып рингке өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығады. Алуа жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы, үндістандық Ниту Гангаспен қолғап түйістіреді.

Карина Ибрагимова (57 кг) екі дүркін әлем чемпионы, тайбэйлік Линь Юйтиннен өтуге тырысып көреді.

Надежда Рябец (66 кг) 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады.

Валентина Хальзова (75 кг) Достастық ойындарының екі мәрте жүлдегері, аустралиялық Кейтлин Паркермен шеберлік байқасады.

Қазақстанның тағы бір үміті Фариза Шолтайдың (81 кг) қарсыласы – 2018 жылғы әлем чемпионы, қытайлық Ван Лин.

Аса ауыр салмақта Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) Еуропаның екі дүркін жүлдегері, әзербайжандық Айнұр Рзаевамен сынға түседі.

Жекпе-жектердің бәрі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жартылай финалға шыққан боксшылар жөнінен Қытай көш бастап тұр. Қытайлық жеті спортшы жарысты жалғастырады. Қазақстан (6) екінші орында.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25