Қоғам • 24 Наурыз, 2023

Алматы қаласы мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының аумақтық сайлау комиссиясы қала мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Сайлау нәтижелері аумақтық сайлау комиссиясы отырысында жарияланды.

Комиссияның мәліметінше, «Аманат» партиясына 151 531 адам немесе 51,94% дауыс берген.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 8264 адам немесе 2,83%;

«Республика» партиясына 38 369 адам немесе 13,15%;

Қазақстан халық партиясына 38 563 адам немесе 13,22%;

Жасыл «Байтақ» партиясына 23266 адам немесе 7,97%;

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясына 15 273 адам немесе 5,23 пайыз дауыс берген.

«Барлығына қарсы» бағанын 16 490 адам таңдаған.