25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы - Шоқай кенті» тасжолының бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған. Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілген.
«Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды, оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді», делінген хабарламада.
Қарағанды облысының ТЖД өкілдері ауа райы нашарлаған кезде алыс жолға шықпау керегін ескертті.
Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды
Елорда • Бүгін, 19:55
Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 18:43
Әлемде табысы миллион доллардан асатын байлардың саны азайды
Әлем • Бүгін, 18:13
Мұнай экспортының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады
Экспорт • Бүгін, 17:55
Ұқсас жаңалықтар