Руханият • 26 Наурыз, 2023

Ұмыт болған оюлар

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Тараздағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ұмыт болған оюлар» атты құрақшылар фестивалі ұйымдас­тырылды.

Ұмыт болған оюлар

Қолөнершілердің туындылары орналастырылған көрмені тамашалағандардың қатарынан табылған Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ұлттық таным мен дәстүрден қол үзбеген өңірде мұндай іс-шаралар жиі өтуі керектігін айтты.

– Қазақтың ою-өрнек өнері – әлімсақтан бері хал­қы­мызбен жасасып келеді. Сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі  ха­лықтың шынайы рухани танымымен де астасып жатыр. Ою-өрнек – қазақ елінің мәдени дамуының шежіресі. Оның көне атауы – халықтың тарихы мен мәдениетін, ұлт­тық ерекшелігін, дүние­та­нымын сипаттайды.

Қазіргі жаһандану дәуірін­де біздің қазақы ою-өрне­гі­міздің біршама түрі ұмы­ты­лып барады. Бұл көңіл қын­жылтар жағдай. Себебі бүгінгі өскелең ұрпақ қазақ­тың осы баға жетпес құнды­лығының маңызын түсініп, санасына тоқуы қажет.

Бүгінгі фестивальге қа­тысушылар ұмыт болған ұлт­тық құндылығымызды ұлықтап, жас буынның санасына сәуле ұялатады  деген се­німдемін.

Жалпы, бұл іс-шара мың­да­ған жылдар бойы қалып­тасқан ұлттық ою-өрнек­терімізді мы­на алма­ғайып заманда аман сақтап, жастарымыздың   бойында жаңғыртуға бағытталып отыр. Сондықтан фестивальге қатысқан барша аналарға ал­ғысымды білдіремін, – дейді Б.Орын­беков.

Фестиваль соңында бай­қау жеңімпаздары мен жүл­дегерлері арнайы мара­пат­тарға ие болды.

Фестиваль аясында «Ша­пағат» медалінің иегері, кә­сіп­кер Анар Бексұлтанова мен шә­кірттерінің туынды­ла­ры көпшілік назарына ұсы­нылып, шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

 

Тараз