Қоғам • 27 Наурыз, 2023

Қазақстанда 69 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктер заңдастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 69 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды
Биыл 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды, оның ішінде 67%-ы (46 592) Ресей Федерациясынан, 19%-ы (13 424) Армениядан, шамамен 10%-ы (6 788) Қырғызстаннан, шамамен 2%-ы (1 296) Грузиядан әкелінген.

Сонымен қатар қазір Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

«Аталған жоба жария талқылаудан өтті, қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін үкіметке енгіземіз. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрон сервис арқылы қабылданады. Соымен қатар азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді», деді Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.