Әлем • 28 Наурыз, 2023

Меккеге жол тартқан автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Arabnews-ке сілтеме жасап.

Меккеге жол тартқан автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

Оқиға 27 наурызда Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болды. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алған.

Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кетті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының полициясымен байланыс орнатып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін анықтады.