Аймақтар • 29 Наурыз, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары көз жұмды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы тас жолда ресейлік ерлі-зайыптылар болған Datsun автокөлігі КамАз жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары көз жұмды

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 наурызда Ақтөбе-Астрахань тас жолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және жанындағы жолаушы - оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды», делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны нақтыланды.