Әлем • 31 Наурыз, 2023

Шотландия үкіметін мұсылман адам басқарады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хамза Юсуф Шотландияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Шотландия үкіметін мұсылман адам басқарады

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, ант беру рәсімі Эдинбургтегі Шотландия Жоғары сотының ғимаратында өткен.

Жаңа үкімет басшысы Жоғары сот судьялары және аға судьялардың алдында адал қызмет етуге ант берген. Айта кетейік, пәкістандық 37 жастағы Хамза Юсуф - Шотландияда жоғары лауазымға қол жеткізген алғашқы мұсылман адам.

Агенттіктің жазуынша, жаңа премьер жақын арада министрлер кабинетінің құрамын жариялайды.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Шотландия үкіметін 8 жыл басқарған Никола Стерджен отставкаға кететінін мәлімдеді.