Оқиға Ресей Федерациясының Челябі облысында 30 наурызда болғаны белгілі болды. Облыстық мемлекеттік жол инспекциясы басқармасының мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Челябі-Троицк тасжолының 143-шақырымында төрт жүк көлігі соқтығысқан. Жол апатынан бір адам зардап шекті.
«Бұған дейін КамАЗ жүргізушісі тоқтап тұрған «Газельді» соққаны, содан кейін ол қарсы жолаққа шығып кетіп, «Howo» жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. «Газельмен» соқтығысқаннан кейін «КамАЗ» жартылай тіркемесі бар «Mercedes» жүк көлігіне соқтығысқан», делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан «Газель» жүргізушісі зардап шекті. Ер адам ауруханаға жеткізілді.