Қазақстан • 02 Сәуір, 2023

Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Egemen.kz  копанияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

Биыл ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.