Қоғам • 02 Сәуір, 2023

Мұрат Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі әскери соттың апелляциялық алқасына жолданды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Еркін Шәріпбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұрат Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды

«М.Бектанов мамандандырылған әскери ауданаралық соттың үкімімен 2023 жылдың 24 ақпанындағы ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген жауапта.

Үкім бойынша ол мерзімді жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі күшейтілген мекемесінде өтеуі керек болған.

«Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ, сотталушы М.Бектанов пен қорғаушысы А.Н.Подушкин үкімге шағым түсірді. Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына шағым мәні бойынша қарауға жолданды», деді  Е.Шәріпбеков.