Қоғам • 03 Сәуір, 2023

Заңсыз автокөлік сатпақ болғандар ұсталды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде ұрланған автокөліктерді Қазақстанда заңсыз сатылымға шығарған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз автокөлік сатпақ болғандар ұсталды

Қылмыстық топ ұрланған көліктерге жалған құжат жасаған. Сол құжаттар арқылы көліктерді шекарадан өткізбей тұрып, Қазақстан аумағына тіркеген. Құжаттар мен көлік нөмірін алғаннан кейін қылмыскерлер автомобильдерді Қазақстанға әкеліп, сатпақшы болған. Алайда олардың әркеті әшкереленіп, қылмысқа қатысы бар азаматтар жауапкершілікке тартылды.

«Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды»,  деп хабарлады Ақмола облысының жергілікті соты.