Басылым мәліметінше, кеше сағат 18.00-ден бастап бірте-бірте қаланың барлық ауданын түтін басқан. Бұған қамыстың өртенуі себеп болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департментінің өртсөндірушілері оқиға орнына жеткені хабарланды.
«Сағат 9:12-де Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде, Каспий теңізі жағалауында, «Ақжайық» РМК аумағында қамыс өртенді. Жану аумағы - 85 гектар. Төтенше жағдайлар департменті «Ақ Жайық» РМК қызметкерлерімен бірлесіп, 80 гектар аумақтағы жалынды ауыздықтады», деді ведомство өкілі.