Экономика • 03 Сәуір, 2023

Мұнай бағасы қымбаттады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдемдік нарықта мұнай бағасы шарықтай бастады. Соңғы мәліметтерге сай, BRENT сұрыпты қара алтын 5 долларға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай бағасы қымбаттады

Қазір оның бағасы 85 доллардан жоғары. Бұған OPEK+ елдерінің мұнай өндіруді тәулігіне миллион баррельге қысқарту туралы шешімі себеп болған.

Осы орайда, Сауд Арабиясы қара алтын шығаруды тәулігіне 500 мың баррельге, Ирак 211 мың баррельге, ал Қазақстан 78 мың баррельге қысқартпақ.

ҚР Энергетика министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, бұл бағыттағы жұмыс мамыр айынан бастап жыл соңына дейін жалғасады. Айта кетсек, әлемде шығарылатын мұнайдың 40 пайызы ОPEK+ елдерінің еншісінде.