Қаржы • 03 Сәуір, 2023

Доллар 2 теңгеге арзандады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар 2 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,87 теңгеге төмендеп, 450,83 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1-3 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы  451,71 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,40 теңгеден сатып алынып, 451,74 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 449,91 теңге, сату – 454,05 теңге.