Саясат • 04 Сәуір, 2023

Әлихан Смайылов Парламентте айтылған сынға жауап берді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов өз атына айтылған депутаттардың сынына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Парламентте айтылған сынға жауап берді

Ол Үкімет мүшелерінің ел игілігі үшін жұмысты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

«Бұл - Мемлекет басшысы мен Парламенттің, қоғамның үлкен сенімі. Сондықтан біз бұл сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз. Барынша тиімді жұмыс істейміз. Сын да болады, бұл қалыпты жағдай. Парламенттегі алты партия, әрине, бұл алты түрлі пікір. Кез келген сын тек жақсы деп ойлаймын. Бұл біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырады. Сондықтан біз бұған түсіністікпен және сындарлы қараймыз», деді Әлихан Смайылов.

30 наурызда Әлихан Смайылов Қазақстанның Премьер-министрі болып қайта тағайындалды. Оның кандидатурасын төменгі палата депутаттарының көпшілігі қолдады:

  • 82 мәжілісмен «жақтап» дауыс берді;
  • «қарсы» - жеті;
  • қалыс қалды – сегіз.

ЖСДП фракциясы оның министрлер кабинетінің басшысы лауазымына тағайындалуына қарсы болды.