(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚОРЫТЫНДЫ)
2013 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі макроэкономикалық көрсеткіштерді 2013 жылғы мамырда және қазанда нақтылады. Республикалық бюджеттің параметрлері екі мәрте заң жүзінде бекітіліп, 23 рет түзетілді. Үкімет макрокөрсеткіштерді қалыптастыру және түзету кезінде әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайды, атап айтқанда, сыртқы нарыққа бағытталған қазақстандық өнімге деген сұраныстың азайып, бағалардың төмендегенін толық мәнінде ескермеген. Соның салдарынан, ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі – ІЖӨ) іс жүзіндегі номиналдық мәні мақұлданған болжамнан – 2 481,7 млрд. теңгеге, нақтыланған болжамнан 304,3 млрд. теңгеге кем қалыптасып, 34140 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте іс жүзіндегі дефлятор (106,2%) нақтыланған болжамнан (107%) 0,8%-ға төмен қалыптасқан. Осының бәрі бюджет кірісінің атқарылу сапасына әсер етті. Республикалық бюджет кірісі бекітілген көлемнен 152 млрд. теңгеге төмен қалыптасып, 5 179,5 млрд. теңгені құрады. 2014 жылғы 1 қаңтарға орталық мемлекеттік органдар 43,2 млрд. теңгені игермеген, жергілікті атқарушы органдар пайдаланылмаған және мақсатына сай емес пайдаланылған 26 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферттерді игермей, бюджетке қайтарған. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (бұдан әрі – ҚБШ) қаражат қалдығы 62,6 млрд. теңгені, оның ішінде жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлініп игерілмеген қаражат 54,3 млрд. теңгені құрады. Жалпы алғанда, 2013 жылы елдің экономикалық дамуы макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылық жағдайында өтті. Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізден (6-8%) төмен қалыптасып, 4,8% болды, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,2 пайыздық тармаққа төмен. 2013 жылдың басында су беруге және кәріз қызметтеріне баға айтарлықтай қымбаттағандықтан, ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 8%-ға өсті (2012 жылғы желтоқсан – 9,3%). Азық-түлік тауарларына бағалар - 3,3%-ға (5,3%), азық-түлік емес тауарларға 3,3%-ға (3,5%) өскен. 2013 жылғы желтоқсанда халықтың жан басына шаққандағы кірісі 64,8 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналдық мәнде 7,7%-ға, нақты мәнде 2,8%-ға ұлғайды. Орташа бір айлық номиналдық жалақы 137 мың теңгені құрап, 2013 жылы орташа 7,5%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты жалақы 1,6%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеп, экономикалық белсенді халыққа шаққанда 5,2% болды. 2013 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ Республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуын бағалау 2013 жылы республикалық бюджетке түскен түсімдер 2012 жылмен салыстырғанда 307,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 6 375,6 млрд. теңгені құрады. Түсімдердің жалпы көлемінде республикалық бюджет кірістерінің үлесі – 77,3%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 1,3%-ды, түскен қарыздардың үлесі – 16,5%-ды құрады. Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау 2013 жылға арналған республикалық бюджет кірістері 5 152,7 млрд. теңгеге жоспарланғанымен, іс жүзінде 5 179,5 млрд. теңге немесе 100,5% түсті. Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер – 3 510,6 млрд. теңгені немесе 68,1%-ды, трансферт түсімдері – 1 559,2 млрд. теңгені немесе 30,1%-ды, салықтық емес түсімдер – 100,7 млрд. теңгені немесе 1,9%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 9 млрд. теңгені немесе 0,2%-ды құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда республикалық бюджет кірістері – 416,1 млрд. теңгеге немесе 8,7%-ға, соның ішінде салықтық түсімдердің көлемі – 535 млрд. теңгеге немесе 18%-ға, трансферттер – 38,5 млрд. теңгеге немесе 2,5%-ға ұлғайды. Салықтық емес түсімдердің сомасы – 149,2 млрд. теңгеге немесе 2,5 есеге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 8,3 млрд. теңгеге немесе 92,2%-ға төмендеді. Табыс салығы түсімдері 1 032,7 млрд. теңгені немесе салықтық түсімдердің 29,4%-ын құрады, түсімдер жоспары 8,8%-ға орындалмады. Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынған салықтар түсімі 880 млрд. теңгені немесе салықтық түсімдердің 25%-ын құрады. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салықтың, тауарлар импортына акциздердің 7 түрінің, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы бөлетін кедендік баждардың түсімдері бойынша жоспарлар орындалмаған. 2013 жылдың ішінде мониторинг жүргізіліп отырған 300 салық төлеушінің салықтары мен төлемдеріне республикалық бюджет кірістерінің тәуелділігі артты. Олар бойынша түсімдер сомасы 2 063,2 млрд. теңгені немесе республикалық бюджетке түсетін барлық салық түсімдерінің 58,8%-ын құрады, 2012 жылмен салыстырғанда, аталған үлес 17,2 пайыздық тармаққа ұлғайды (2012 жылы – 1236,5 млрд. теңге немесе 41,6%). Заңды тұлғалар – ірі кәсіпкерлік субъектілерінің төлеген салықтары 66,9%-ды, орта кәсіпкерлік субъектілерінің – 14,2%-ды, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің – 18,5%-ды құрады. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан түскен корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) түсімдері бойынша (КБК 101101) 2013 жылға бекітілген жоспар 737,1 млрд. теңгені құрады, ол 650,7 млрд. теңгеге дейін немесе бекітілген көрсеткіш 86,3 млрд. теңгеге дейін қысқартылып түзетілген. Іс жүзінде бюджетке 605,4 млрд. теңге немесе жоспарға шаққандағы 93%-ы түскен. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосылған құн салығы(бұдан әрі – ҚҚС) сомасы айтарлықтай артып, 1 417,6 млрд. теңгеге жетті, бұл республикалық бюджеттегі барлық салықтық түсімдердің 40,4%-ын құрады. Экспортаушы салық төлеушілерге қайтаруға жататын ҚҚС сомасы 551 млрд. теңгеден асып кетті, бұл 2013 жылдың басындағы тиісті сомадан 119,3 млрд. теңгеге немесе 27,6%-ға көп. Осылайша, бюджеттен қайтаруға жататын ҚҚС-ны асып кеткен өтелмеген сомалардың жинақталуына байланысты, мұның бәрі белгілі бір дәрежеде 2014 жылғы республикалық бюджет кірістері жоспарының орындалуына әсерін тигізеді. 2013 жылы кедендік төлемдер мен салықтардың (бұдан әрі – КТмС) түсімі 1 731,8 млрд. теңге мөлшерінде болжанғанымен, 1 732,8 млрд. теңгені немесе 100,1%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда, түсімдер 258,2 млрд. теңгеге немесе 17,5 %-ға өсті (2012 жылы – 1474,6 млрд. теңге). 2013 жылы мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық баж түсімдері 552,9 млрд. теңгеге жоспарланып, 582,1 млрд. теңгеге немесе 105,3%-ға орындалған. Кеден одағына (бұдан әрі – КО) қатысушы мемлекеттердің бюджетіне Қазақстан Республикасы аударған 2013 жылғы кедендік әкелу және қорғау баждары 291,6 млрд. теңгені, соның ішінде Ресей Федерациясына – 276,8 млрд. теңгені, Беларусь Республикасына – 14,8 млрд. теңгені құрады. КО-ға мүше мемлекеттерден алынған дәл осындай аударымдардың сомасы 250 млрд. теңге болды. Нәтижесінде 2013 жылы 41,6 млрд. теңге мөлшерінде теріс сальдо қалыптасты. Келісім қолданысқа енгізілген кезең ішінде КО-ның әрбір еліндегі импорттың қалыптасқан арақатынасы кедендік әкелу баждарын бөлудің белгіленген пайызына барабар: Ресей Федерациясы – 87,97%, Беларусь Республикасы – 4,7%, Қазақстан Республикасы – 7,33%. Сонымен бірге, 2010 жылға қарағанда 2013 жылы Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына импортпен салыстырғанда (тиісінше, 140% және 125,4%), Қазақстан Республикасына импорттың өсуінің анағұрлым жоғары қарқыны (164,2%) байқалады. Есеп комитетінің бағалауынша, соңғы жылдар ішінде келешектегі кезеңдерге аванс берудің есебінен республикалық бюджет кірістері бойынша жоспарлардың орындалуына қол жеткізу үрдісі орын алып отыр. Бұл ретте салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі мәселелеріне байланысты бюджеттің шығындары, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу проблемалары шешілмеген. Салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бағалау 2013 жылы салық органдары камералды бақылау барысында соттар жалған кәсіпорын деп таныған 135 заңды тұлғамен 194,2 млрд. теңге өзара есептеулері болған 1170 контрагентті анықтады. Нәтижесінде талап қою мерзімінің өтуіне, контрагенттердің таратылуына, контрагенттердің өздері жалған кәсіпорын деп танылуына байланысты, көрсетілген соманың 60%-дан астамы (117,6 млрд. теңге) салықтарды есептеу және өндіріп алу үшін үмітсіз болып табылады. Жалған кәсіпкерлік белгілері бар заңды тұлғаларға қатысты салық органдары берген материалдар туралы деректер тоқсан сайын орташа алғанда 5,2 мың заңды тұлға, соның ішінде жаңадан құрылған 1,8 мың заңды тұлға салық төлеуден жалтарып отырғанын көрсетеді. Салықтар есептелмеген өткізу бойынша айналымдар тоқсан сайын 271,2 млрд. теңгеден 771,2 млрд. теңгеге дейін құрады. 2013 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда жоспарланған салықтық тексерулердің саны 3 314-тен 2 574-ке немесе 20%-ға төмендеді. Аяқталған тексерулердің үлес салмағы 59%-ды құрады, ал 2012 жылдың қорытындысы бойынша ол 62% болған. Бұл ретте тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушілер бойынша бұзушылықтарды анықтау 2012 жылғы 43%-дан 2013 жылы 37%-ға дейін төмендеген. Салықтық міндеттемелерін орындаудан жалтарған контрагенттермен өзара іс-қимыл жасаған мемлекеттік органның мердігерлерінің көп деңгейлі схема қолдануы салық заңнамасында бюджет шығынына әкеп соғатын бұзушылықтарды жоюдың жедел тетіктерінің қарастырылмағанын көрсетеді. Соңғы бірнеше жыл бойы салық төлеуден жалтарудың алаяқтық схемаларына қарсы нақты іс-қимыл жасау жөнінде салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе шешілмей келеді. Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзара сауда статистикасын салыстыру мәселелері нашар пысықталуда. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ҚХР-дан әкелінген тауарлардың импорты (6,1 млрд. АҚШ доллары) мен ҚХР Бас кедендік басқармасының деректері бойынша Қазақстанға ҚХР-дан тауарлардың экспорты (9,3 млн. АҚШ доллары) арасындағы айырма тек 2013 жылғы 9 айда 3,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Республикалық бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау Республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бастапқыда жоспарланған көлемімен салыстырғанда 186 млрд. теңгеге немесе 2,8 %-ға азайып, 2013 жылы 6 359,8 млрд. теңгені құрады. Нақты шығыстар 2012 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға ұлғайып, 6 316,6 млрд. теңгені құрады. ІЖӨ-дегі шығыстардың үлесі 2012 жылғы 20 %-дан 2013 жылы 18,8%-ға азайды. Шығыстар құрылымында шығындардың үлес салмағы басым (90,3 %), олар 2012 жылмен салыстырғанда 441,4 млрд. теңгеге немесе 8,4%-ға ұлғайған. 2013 жылы дебиторлық берешек 2012 жылмен салыстырғанда 27,1 млрд. теңгеге және 2011 жылмен салыстырғанда 29 млрд. теңгеге ұлғайып, 2013 жылы 121,9 млрд. теңгені құрады. Дебиторлық берешектің өсуінің басты себептері қаржы тәртібінің сақталмауы, алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге алдын ала ақы төлеу, тәуекелдерге талдау жасамау, талап қою-қуыну жұмысының нашар жүргізілуі және сот шешімдерін орындаудың созылуы болып табылады. 2013 жылы кредиторлық берешек сомасы 2012 жылмен салыстырғанда, 7,6 млрд. теңгеге төмендеп, 28,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде талап қою мерзімі өткені – 6,8 млрд. теңге болды. Кредиторлық берешек өнім берушілердің тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету) бойынша шарттық міндеттемелерін орындамауына, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауына, шоттардың төлеуге қайтарылуына, жоспардан тыс іссапар шығыстарына байланысты туындаған. Республикалық бюджет шығындарының атқарылуын бағалау Шығындардың көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға және 2011 жылмен салыстырғанда 23,8%-ға ұлғайып, 2013 жылы 5 700,8 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет шығындарының атқарылуы 2013 жылы 38 мемлекеттік орган әкімшілік ететін 656 бюджеттік бағдарлама бойынша 15 функционалдық топ бөлінісінде жүзеге асырылды. Шығындардың жоспарлы мәндері бекітілген көрсеткішпен салыстырғанда 280 млрд. теңгеге немесе 4,6%-ға азайып, 5743,7 млрд. теңгені құрады. Жүргізілген нақтылауларға қарамастан, есепті кезеңнің соңына шығындар бойынша 42,9 млрд. теңге пайдаланылмаған. Бұл ретте он функционалдық топ бойынша шығындардың жылдық мәндері орындалмаған. Функционалдық топтар бөлінісіндегі шығындар мынадай түрде орындалмады: «Басқалар» – 18,5 млрд. теңгеге (7,2%), «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары»» – 5,9 млрд. теңгеге (3,1%), «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» – 4,9 млрд. теңгеге (1%), «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» – 3,6 млрд. теңгеге (1,3%), «Денсаулық сақтау» – 3,3 млрд. теңгеге (0,7%), «Білім беру» – 3 млрд. теңгеге (0,7%) және басқалар. Игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі мына министрліктердің үлесінде: қаржы – 20,3 млрд. теңге, оның ішінде 17 млрд. теңгесі – Үкімет резервінің бөлінбеген сомасы, қоршаған орта және су ресурстары – 4,4 млрд. теңге, төтенше жағдайлар – 3,2 млрд. теңге, білім және ғылым – 3 млрд. теңге, ішкі істер – 1,5 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы – 1,5 млрд. теңге. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын бағалау 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезіндегі бюджеттік кредит берудің көлемі бекітілген мөлшерінен 5,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 122,1 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, 2012 жылмен салыстырғанда 52,4 млрд. теңгеге немесе 30%-ға азайған. Есепті кезеңде бюджеттік кредиттер 6 бюджеттік бағдарлама, 4 республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға бөлінді. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету үшін бюджеттік кредит беруге 23,9 млрд. теңге бөлінді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге көп. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 11,2 мың адам микрокредит алған, бұл ретте микрокредиттің орташа мөлшері 2 103 мың теңгеге жоспарланғанымен, 2 140,9 мың теңгені құраған. Түпкілікті қарыз алушыларға берілген кредиттер бойынша сыйақының ең жоғары ставкасы 6,2% деңгейінде қалыптасты. Микрокредит алғандардың ішінде 7,9 мың адам жеке істерін ашты. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді. Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беруге 6 732,4 млн. теңге бөлініп, ол 99,7%-ға игерілген. Аудандар бойынша үнемдеудің салдарынан, сондай-ақ бір үй сатып алуға арналған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты, пайдаланылмаған қалдық 17,7 млн. теңгені құрады. «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде азаматтардың барлық санаттарына арналған кредиттік тұрғын үй салуға 29,4 млрд. теңге бөлініп, оның 28 млрд. теңгесі немесе жоспарға шаққандағы 95%-ы игерілген. Кредиттік қаражаттың игерілу мерзімі – 2013-2014 жылдар. 2013 жылы аумағы 271,7 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланып, 314,6 мың шаршы метр немесе 115,8%-ы пайдалануға енгізілген. 2013 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 60 млрд. теңге бөлінген, 0,01% жылдық сыйақы төлене отырып, оның 59,5 млрд. теңгесі немесе жоспардың 99%-ы игерілген. 2012 жылы Тұрақтандыру қорын қалыптастыруға берілген кредиттер бойынша шығыстарды нақты қажеттілікті ескермей жоспарлау фактілері анықталды, өнімнің бүлінуі және жетіспеушілігі, толық жеткізілмеуі, сапасы төмен өнімдердің жеткізілуі немесе сертификаттардың болмауы жағдайлары орын алған. Сонымен қатар, өнімді сатып алу кезінде бағаны көтеруге, өнімді сату кезінде залалдарға және іс жүзінде көрсетілмеген қызметтерге ақы төлеуге жол берілген. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезіндегі бұзушылықтар 12,1 млрд. теңгені құрады. Қаржы активтерін сатып алуға арналған шығыстарды бағалау Соңғы үш жылда республикалық бюджеттен қаржы активтерін сатып алуға 867,5 млрд. теңге бөлінді. Сонымен бірге, шығыстардың серпіні 2013 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстардың көлемі айтарлықтай төмендегенін көрсетіп отыр. Егер 2011 жылы активтерді сатып алуға 338,3 млрд. теңге жұмсалса, 2012 жылы – 361,7 млрд. теңге, 2013 жылы – 167,5 млрд. теңге жұмсалған. Сонымен бірге, қаржы активтерін сатып алуға арналған шығыстар 2012 жылмен салыстырғанда 194,2 млрд. теңгеге немесе 53,7%-ға төмендеді. 25 акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға 165,2 млрд. теңге бөлінді. Алайда, қазынашылық органдарында квазимемлекеттік сектордың аталған субъектілерінің ҚБШ-дағы қалдығы 54,3 млрд. теңгені, соның ішінде 2013 жылғы қаражаттың қалдығы 42,3 млрд. теңгені, немесе жарғылық капиталдарды ұлғайтуға бөлінген жалпы қаражат көлемінің 25,5%-ын құрады. Бюджет тапшылығы мен оны қаржыландыру көздерін бағалау 2013 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы бастапқыда 785,2 млрд. теңге мөлшерінде бекітіліп, 2013 жылғы маусымда 870,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бағытына нақтыланып, 2013 жылғы қарашада 790,6 млрд. теңгеге дейін түзетілді. 2013 жылдың соңында бюджет тапшылығы 718 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл түзетілгенінен 72,6 млрд. теңгеге төмен. 2011-2013 жылдары бірнеше мәрте нақтыланып түзетілгеніне қарамастан, бюджет тапшылығының іс жүзіндегі және нақтыланған көлемінің жоспарланған көрсеткішінен елеулі ауытқуларына жол берілген. Бюджет тапшылығын жабу үшін жыл соңында тартылған қарыздардың нақты сомасы 1 103,1 млрд. теңге болды, бұл жоспардағыдан – 7,6 млрд. теңгеге және түзетілгенінен – 2,9 млрд. теңгеге төмен. 2011-2013 жылдары халықаралық қаржы ұйымдарының атынан негізгі кредиторлар Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (66,5%), Азия Даму Банкі (29%), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (3,5%), Ислам Даму Банкі (1%) болды. Қарызға алу шеңберінде капиталдың ішкі нарығына нақты құны 982,5 млрд. теңге болатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылды. Үкіметтің бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдаланған қарызын жыл сайынғы өтеуі 2011-2013 жылдары 23% - 35% шегінде ауытқыды. Ел бюджетінің мұнайға қатысты емес тапшылығының 2013 жылғы мөлшері 2 123,6 млрд. теңгені құрады. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 162,8 млрд. теңгеге (7%) төмендеді, ал 2011 жылмен салыстырғанда 347,7 млрд. теңгеге (20%) өсті. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ Бағдарламалық құжаттардың іске асырылу тиімділігін бағалау 2013 жылы Есеп комитеті 2 мемлекеттік және 13 салалық бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бақылау мен бағалауды жүзеге асырды. Тексерілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға жоспарланған 2 810,7 млрд. теңгенің 2 731,6 млрд. теңгесі, соның ішінде республикалық бюджет бойынша –1231,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттер бойынша – 9,6 млрд. теңге, бюджеттен тыс қаражат бойынша – 1490,8 млрд. теңге игерілді. Бұл ретте анықталған бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары 229,2 млрд. теңгені құрады, 26,1 млрд. теңге тиімсіз пайдаланылған. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бөлінген 89,2 млрд. теңгенің 10,6 млрд. теңгесін жекелеген мемлекеттік органдар пайдаланбаған. 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде пайдаланылмаған бюджет қаражатының қайта бөлінгеніне қарамастан, тек 2013 жылдың өзінде 1,2 млрд. теңге игерілмеген. Бақылау барысында жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгенің бұзушылықтары анықталды. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының 3 нысаналы индикаторының 2-іне қол жеткізілмегені анықталды. Онкологиялық патологиядан өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда жоспардағы 101 оқиғаның орнына 103,9 оқиға болды, ал қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жыл өмір сүруінің үлес салмағы жоспарда 51,6% болғанымен, іс жүзінде 50,3%-ды құрады. 2013 жылы тек 21,3 млрд. теңге ғана бөлінген немесе жоспарланған мөлшерден 41,8%-ға кем. Сонымен бірге, 2013 жылғы 1 шілдеге 7,5 млрд. теңге игерілмеген. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИДМБ) аралық бағалаудың қорытындылары көрсеткендей, әдіснамалық тәсілдер жеткілікті дәрежеде жетілдірілмегендіктен әрі келісілмегендіктен, ҮИИДМБ шеңберінде оның мақсаттарымен және міндеттерімен байланыспайтын іс-шаралар қарастырылып, оларды іске асыруға 2011-2012 жылдары 21,9 млрд. теңге бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде ҮИИДМБ-ны іске асыру жөніндегі жоспардың 64 іс-шарасының тек 34-і бойынша ғана орындалғаны туралы ақпарат болғаны анықталды. Уәкілетті органдар жобалардың салалық сараптамасын төмен деңгейде жүргізген.Нәтижесінде, 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 2010-2012 жылдары және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға енгізілген 563 жобаның ішінде 131 жоба (23,3%) өзінің жоспарлы қуатына қол жеткізбеген,соның ішінде 45 жоба бойынша жоспарлы қуаттылықты игеру 50%-дан кем болды. Бюджет және өзге де заңнаманың жекелеген нормалары сақталмағандықтан, 22,3 млрд. теңгенің бұзушылықтарына жол берілген, 20,5 млрд. теңге республикалық бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылуын аралық бағалау барысында жаңа технологиялар мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді енгізу, ірі шетелдік компаниялармен бірлесіп жоғары технологиялы өндіріс құру, салалық орталықтарды қалыптастыру, ғылым мен инновацияға жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізілмегені анықталды. Инновациялар бағдарламасына халықтың 100 мыңына шаққанда инженерлік-техникалық персоналдың санын ұлғайту бойынша ресми статистика органдары ескермеген көрсеткіш енгізілген. Нәтижесінде ол бойынша деректер жоқ, бақылау мен мониторинг жүргізілмеген. Отандық өндірушілер мүдделі болмағандықтан, сондай-ақ тәжірибелік үлгілерді жасауға қажетті шарттар жасалмағандықтан, технопарктер, коммерцияландыру офистері, конструкторлық бюролар арқылы іріктеліп алынған жобалардың коммерциялық іске асырылуы төмен деңгейде екені байқалады. Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның тиімділігін аралық бағалау еліміздің шикізат ресурстарының, өндірістік әлеуетті көлік инфрақұрылымының болуы, сондай-ақ ірі нарықтарға жақындығы сияқты басымдықтарының толық көлемінде пайдаланылмағанын көрсетті. Сонымен, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыру, негізгі қорлардың тозуы жөніндегі мәселелер шешілмеген, нарықта отандық өндірушілердің тауарлары жоқ десе де болады, білікті кадрлардың жетіспеушілігі сақталуда. Дұрыс айқындалмағандықтан, 8 индикатордың 5-і бағдарламадан алынып тасталған. Ресурстардың жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлесі 2008 жылғы 32,7%-дан 2013 жылы 16,6%-ға дейін құлдырап, бекітілген нысаналы көрсеткіштен әлдеқайда төмендеп кеткен. Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысында 14 нысаналы индикатордың 5-іне қол жеткізілмеген. Инвестициялар бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспардың 74 тармағының 64 іс-шарасында оның міндеттері мен нысаналы индикаторларының орындалуына жанама түрде әсер ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу қарастырылған. Инвестициялар бағдарламасында көзделген қарыздар мен инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттер іске асырылмай отыр, инфрақұрылым объектілерін салу негізінен алғанда мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асырылуда. АЭА құрылған кезден бастап 12 жыл ішінде салынған инвестициялар көлемі 156 млрд. теңгені немесе бүкіл жобалардың мәлімделген құнының 5%-ын құрады. Жер қойнауын зерттеу саласындағы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылуын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етпеуде. Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімділігін бағалау оның нысаналы индикаторларының орындалмай қалу қаупінің сақталып отырғанын көрсетеді.Оның 13 көрсеткішінің 8-і бойынша, атап айтқанда, қайта бөлінетін шойын темірді, болаттан жасалған жазық прокатты, ақ қаңылтырды, мырыш жалатылған темірді, құбырларды, катодты мысты, өңделмеген мырышты, қорғасынды шығарудың көлемі бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген. Тау-кен металлургия саласындағы проблемалар өзекті күйінде қалып отыр. Солардың ішінде жоғары қайта бөлу өнімдері өндірісі көлемдерінің төмендігі, активтердің жоғары дәрежеде тозуы, көлік және энергетика инфрақұрылымдарының дамымағаны, инновациялық әзірлемелерді енгізудің төмен деңгейі, инновациялық технологияларды әзірлеуге қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ өнімдерді өткізу бойынша тәуекелдер сияқты проблемаларды айтуға болады. Бағдарламаны іске асыру барысында жол берілген бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 141 млн. теңгені құрады. Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу барысын бағалау көрсеткендей, белгілі бір оң өзгерістердің болғанына және нәтижелерге қол жеткізілгеніне қарамастан, құрылыс саласындағы отандық кәсіпорындар қазіргі уақытта өнімдерінің бәсекеге қабілетті болмауына және қуаттарының толық жүктемемен жұмыс істемеуіне байланысты, ішкі нарықты құрылыс материалдарымен толық қанағаттандыруға қабілетті болмай отыр. 2013 жылы құрылыс материалдарының отандық өндірісінің үлесі ресурстардың жалпы көлемінде 71,8%-ды құрады, соның ішінде керамика тақтайшаларын өндіру – 1,2%, жабын материалдарын өндіру – 29,5% болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімділігін бағалау көрсеткендей, өңірлік үйлестіру кеңестері мемлекеттік қолдау көрсетуге жеткілікті негіздемесі жасалмаған жобаларды қаржыландыру туралы шешімдер қабылдаған. Бюджет қаражаты жұмыс істемейтін және пайдалануға қабылданбаған объектілер үшін өндірістік инфрақұрылым жүргізуге бөлініп отырған, кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау жөнінде негізсіз бас тарту оқиғалары орын алған. 2013 жылы кәсіпкерлерді субсидиялауға бастапқыда 13,6 млрд. теңге жоспарланып, қосымша келісімдер жасаудың есебінен 14 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұған алдымен гранттарға арналған шығыстардың көзделмегені, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерінде және жиынтық есеп-қисаптарда тиісті есептеулердің жасалмағаны себеп болды. Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылуын бағалау барысында мұнай-газ саласының теңдестірілген және тиімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі оның мақсатына жеткілікті дәрежеде қол жеткізілмегені анықталды. Көмірсутек қорларының жоспарланған көлеміне қол жеткізу, мұнай өнімдері мен газға ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық қамту деңгейін ұлғайту және қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту жөніндегі міндеттер жүзеге асырылмаған. Қазақстанда мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық қамтудың болжамды көрсеткіштері тауарлар бойынша – 16 %-ға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша – 85 %-ға дейін орындалмай отыр. Аталған көрсеткіштерге шетелдік мұнай өндіруші компаниялармен жасалған келісімшарттарда жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің болмағаны да әсер етуде. Мұнай-газ секторы бағдарламасын іске асыру кезіндегі бұзушылықтардың жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгені құрады. Салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитетінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру кезінде Су ресурстары комитетінде жалпы сомасы 42 млрд. теңгенің бұзушылықтары анықталды. Су шаруашылығы ұйымдары жұмысының рентабельділігін, сондай-ақ халықтың суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету үшін тариф белгілеу жөніндегі міндет шешілмеген. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» бағдарламасында көзделген 16 іс-шараның 6-уы орындалмаған. Бағдарлама жеткілікті дәрежеде пысықталмағандықтан, тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектілерін басқарудағы және жөндеу жұмыстарын жүргізудегі белсенділігі төмен деңгейде, үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинақтауға арналған халықтың аударымдар жүйесі жұмыс істемейді. Бақылау нәтижелері көрсетіп отырғандай, іс-шараларды іске асырудың қорытындысы бойынша коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қамтамасыз етілмеген. «Қазтұтынуқадағалау» ҚБ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің сауалнама деректері бойынша сауалнамаға қатысқан азаматтардың 79,8%-ы үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеудің сапасына қанағаттанбаған. Бюджет қаражатының пайдаланылуына тиісті бақылау болмағандықтан, жалпы сомасы 18,7 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылуына жол берілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының іске асырылу тиімділігін бағалау өңірлердің басым көпшілігінде азаматтарға тұрғын үйлерді жалға берудің жүзеге асырылмай отырғанын көрсетті. 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, тек Қостанай облысында ғана 75 пәтерді жалға беру жөнінде шарттар жасалған. Республикалық бюджет қаражатын «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының талаптарына жауап бермейтін іс-шараларға жұмсау фактілері анықталды. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының іске асырылу барысына мониторинг пен тиісті бақылаудың жоқтығы мыналарға алып келді: 2013 жылғы 1 шілдеге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның деректеріне сай – 264,7 мың шаршы метр, ал Өңірлік даму министрлігінің деректері бойынша – 302 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Мәліметтердің арасындағы айырма – 37,3 мың шаршы метр. Республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына тиісті ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жұмыстары жүргізілмегендіктен, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру кезінде жалпы сомасы 5,3 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары және 3,8 млрд. теңгенің тиімсіз пайдаланылу фактілеріне жол берілген. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған кадрлық әлеует және инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті мамандарға деген қажеттілік туралы деректердің болмауына байланысты, Бағдарлама аясында мамандарды кәсіптік оқыту және даярлау кезінде экономика салалары бөлінісінде білікті кадрларға деген нақты қажеттілік ескерілмеген. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуы бойынша экономикалық қызмет салалары бөлінісінде мониторингілеуді тиісті деңгейде жүргізбеген, бұл еңбек нарығындағы өзгерістерді қадағалап отыруға қиындық туғызады. 2013 жылы жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктерін кеңейту үшін жекеменшік агенттіктермен ынтымақтастық орнатылмаған. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын, кадр әлеуетінің кәсіби тұрғыдан даму қажеттілігін айқындайтын және экономика салалары бойынша мамандықтар бөлінісінде жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің жауапкершілігі белгіленбеген. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалау 2013 жылы Есеп комитеті 14 мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуына бағалау жүргізді. Қорытындысы бойынша оларды әрі әзірлеу, әрі іске асыру кезіндегі бірқатар проблемалар анықталды. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде көбінесе негізсіз көрсеткіштер енгізген. Бюджет қаражатының белгілі бір көлемі бөлінгенімен, жоспардағыдан бірнеше есе асып кететін көрсеткіштерді іске асыру қамтамасыз етілген, ал жекелеген жағдайларда алдыңғы жылдары қол жеткізілген мәндерден төмен көрсеткіштер жазылған. Стратегиялық жоспардың іс-шараларын іске асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиісінше үйлестірілмеуі нысаналы трансферттердің тиімсіз игерілуіне әкеп соғады. Нәтижесінде бюджет қаражаты игерілмей, объектілер уақтылы пайдалануға берілмеуде, қойылған мақсаттарға қол жеткізілмеуде. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды реттеу жөніндегі заңнама жетілдірілмеген. Бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есептер айқын емес. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды көрсетудің бірыңғай тетігі әзірленбеген. Бюджеттік бағдарламалардың кейбір әкімшілерінде бөлінетін бағдарламалардың қаражат көлемі стратегиялық жоспарға енгізілуде, алайда олардың индикаторлары мен көрсеткіштері әзірленбеген, ал басқаларында бөлінетін бағдарламалар бойынша көлемдер көрсетілмеген. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет активтерін пайдалануының тиімділігін бағалау Есеп комитетінің бағалауынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жеткілікті деңгейде жүргізілмеуде. Мұны мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар санының өсуінен, олардың кейбірінің өз-өзін ақтамағанынан, алдарына қойылған түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе алмай отырғанынан, инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарынан байқауға болады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша залалды АҚ-лар және ЖШС-лар саны 2012 жылмен салыстырғанда 5 бірлікке ұлғайып, 30-ға жетті, бұл ретте 3,4 млрд. теңгенің залалдарына жол берілген. Жалпы соңғы үш жыл ішінде республикалық бюджет кірісіне 203,4 млрд. теңге немесе бюджетке түскен түсімдердің (3 жылда 17 774,9 млрд. теңге) жалпы көлемінің 1,1%-ы мөлшерінде дивидендтер түсті. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау 2013 жылы инвестициялық саясатты іске асыруға республикалық бюджеттен 328,6 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 млрд. теңгеге немесе 5,5%-ға аз. Бұл ретте 12,8 млрд. теңге игерілмей қалған. Егер республикалық бюджетті бекіту кезінде инвестициялар көлемі 571,7 млрд. теңгені құраса, нақтылаулар мен түзетулерден кейін қаржы сомасы 2 есеге немесе 243,1 млрд. теңгеге азайған. Бұл ретте 2013 жылдың қорытындысы бойынша нақтылаулардың нәтижесінде басым республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың саны 98 бірлікке ұлғайған. Сонымен бірге, бекітілген тізбеден жалпы құны 28,5 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба алынып тасталған. Республикалық бюджеттің уақытша тартылған қаражаты әлеуметтік маңызды салаларға бағытталып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер сияқты салаларға белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетін еді. 2013 жылы бақылау объектілері инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде 80,9 млрд. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны анықталды. Осылайша, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджет қаражатын сапасыз жоспарлау, құрылыс қызметі саласында қолданыстағы заңнамалық актілердің сақталмауы, бюджет қаражатының игерілмеуі олардың тиімсіз пайдаланылуына алып келуде. Жобалардың сан рет қымбаттауына негізінен: инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің, жобалау-сметалық құжаттамасының сапасыз әзірленуі және оларға сараптаманың сапасыз жүргізілуі; қаржыландыру көлемінің құрылыстың нормативтік мерзімінің сақталмауына алып келіп, құрылыстың бекітілген мерзіміне сәйкес келмеуі; құрылыс кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және бекітілген жобаларға қосымша жұмыстар көлемін қосу; құрылыстың мерзімі мен сапасының сақталуы тапсырыс беруші тарапынан тиісінше бақыланбауы себеп болған. Инвестициялық жобаларға сараптама жасаудың үйлестірілмеген және жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға қабілетсіз қолданыстағы жүйесі дамуға арналған мемлекеттік инвестициялардың елеулі көлемінің тиімсіз пайдаланылуына, стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің толық көлемінде орындалмауына алып келуде. ӨҢІРЛЕРДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ Өңірлерде трансферттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау Республикалық б«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46
Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды
Бокс • Бүгін, 12:41
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Оқиға • Бүгін, 12:25
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 11:28
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Спорт • Бүгін, 11:14