Спорт • 05 Сәуір, 2023

Шавкат Рахмоновқа пәтер кілті табысталды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Ақтаудан үйлі болды, деп хабарлайды Egemen.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновқа пәтер кілті табысталды

Жауырыны жерге тимеген Шавкат елімізді аралап фан-тур жасап жүр. Ол Ақтауға барған сапарында элиталы екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйға алды. 

Оның салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сыйға алатыны былтырғы шілдеде Ақтауға Naiza мен Eagle FC бірлескен турниріне барғанда белгілі болған.

Сонымен қатар Рахмоновқа Ақтауда кортеж ұйымдастырылып, жылқы сыйға берілді.

Ол бұған дейін де жылқы сыйға алған еді.

Еске салайық, наурызда Рахмонов UFC 285 турнирінің үшінші раундында америкалық Джефф Нилді жеңген еді.