Дін • 05 Сәуір, 2023

Ауызашар уақытын кешіктіруге бола ма?

1290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауызды уақытынан кешіктірмей ашқан дұрыс, деп хабарлайды Egemen.kz ummet.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ауызашар уақытын кешіктіруге бола ма?

«Менің ең жақсы көретін құлдарым – ауыз ашуға асыққандар», делінген хадисте. Тағы бір хадисте:

«Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын жақсылықта болады», делінген (Мүслим).

Сондықтан ауыз ашуға асығу дінімізде мұстахаб амалға жатады. Имам Шафиғи бір сөзінде:

«Күннің батқандығы анық білінгеннен кейін ауыз ашуды кешіктіріп, өзінің осы әрекетін абзал көрген адам, хадистерге қайшы амал жасағандықтан, онысы мәкрүһ болмақ. Түнде ораза ұстау дұрыс емес. Ал кешіктіруді абзал деп ойламаса (жағдайға байланысты ауызашарды Рамазан оразасына қатысты кешіктірсе), ағаттығы жоқ», деген (Имам Шафиғи, «Әл Умм»).

Дегенмен ауызашарды кешіктірген адамның оразасы дұрыс саналады. Сонымен қатар ауызашар уақыты кіргенде жол жүрсе, бір жұтым сумен не бір түйір құрмамен болса да кешіктірмей ашқаны жөн.