Спорт • 05 Сәуір, 2023

ХІІ жазғы Универсиада Ақтауда өтеді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 мамыр – 24 маусым аралығында Ақтауда ХІІ жазғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Универсиадасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХІІ жазғы Универсиада Ақтауда өтеді

Биылғы Универсиада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілмек.

Ұйымдастырушы университет президенті Б.Б.Ахметовтың айтуынша, бұрынғы Универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, Aqtau-2023 универсиадасында 17 спорт түрінен 20 жарыстың бәрі Ақтауда қаласында өтеді.

«Сонымен қатар алдыңғы универсиада бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық беріліген», делінген министрлік хабарламасында.

Жарыс түрлерін ұйымдастыру бойынша:

Самбо, грек-рим күресі, дзюдо және еркін күрес, жеңіл атлетика түрлері «Маңғыстау-Арена» спорт сарайында өтеді. 

Баскетбол, волейбол, футзал мен бокс «Халық-Арена» спорт сарайында өтеді. Бұл орталықта теннис және бадминтон сайыстарын ұйымдастыруға да мүмкіндік бар. 

«Арыстан-Арена» спорт кешенінде жүзу, ал қалған спорт түрлері Yessenov Sport Club студенттік кешенінде өтеді. 

Универсиаданың ашылу салтанаты 5 маусым күні «Мұнайшы» стадионында және жабылу салтанаты 24 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.