«Жыл сайын мыңдаған дарынды жастар орындаушылық шеберліктерін көрсету үшін байқауға қатысады. Сондай-ақ ерекше дарын иелерін музыкалық шеберлікке дайындайтын мұғалімдердің де тәжірибесіне баға беріледі», деп хабарлады Ұлттық музыка мұғалімдері қауымдастығының өкілдері.
Өтініш беру процесі Аделинаға қиын болған көрінеді. Ол өткен жылдың күзінде Миннесота штатының байқауына төрт жазбадан соң қабылданған. Сол жерден ол бірінші орынға ие болған дивизиялық раундқа шықты. Аделина наурыз айында ұлттық жарыстарға қатысатын елдің түкпір-түкпірінен келген алты дивизия жеңімпаздарының бірі атанды.
SSM вокалды орындау бағдарламасының жетекшісі Питер Шлейф жас дарын иесін жоғары бағалады.
«Аделина бізге бай тәжірибемен келді, содан кейін ол тәжірибесін одан да арттырды. Оның ерекше жұмыс этикасы бар, ол өте көп жаттығады. Алда оны жарқын болашақ күтіп тұр. Онымен жұмыс істеу мен үшін қуаныш», деді Шлейф.
Айта кетсек, бұл - Аделинаның ән байқауындағы екінші үлкен жеңісі.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың күзінде әнші Ұлттық ән мұғалімдері қауымдастығының вокалдық байқауында қатысушылардан айрықша түсіп, жеңіске жеткен болатын. Ол аталмыш іс-шарада ең алғаш «Sabre» атағына ие болған еді.