Өнер • 07 Сәуір, 2023

Күй аңызы: Секен Тұрысбектің «Аруана» күйінің шығу тарихы

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күй тарихы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса шығу тарихы мен мәнін аса біле бермейміз. 

Күй аңызы: Секен Тұрысбектің «Аруана» күйінің шығу тарихы

Күйдің қалай туғаны жайлы автор былай дейді: «Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман ананың желмаяға мініп, белден бел асып,  желіп бара жатқан сапары бар. Автор ол жерде не айтқысы келді? Ол ана мәңгүрт болып қалған ұлын емес, халықтың болашағы, тағдырын іздеп бара жатты деп таныдым. Сөйтіп, содан алған терең әсерден туған күйдің атын басында «Шығыс жұлдызы» деп қойдым. Шыңғыс Айтматовқа арнап...

Бірақ, «Шығыс жұлдызы» деген атпен  күйімнің образы ашылмайтын болғандықтан, атын кейіннен «Аруана» деп өзгерттім.  Күй Шыңғыс Айтматовтың шығармасындағы Найман ананың образынан алған  әсерімнен жазылды. Сол күй түнгі сағат екіде келді. 

Күйлерім кітап боп шыққанда Шыңғыс Айтматовқа сыйладым. Жазушы: «Боранды бекеттен» осындай күй туатыны үш ұйықтасам түсіме кірмеп еді» деп кітабына «Шоң ризашылық менен» деген қолтаңба жазып берді».

Дереккөз – Күй аңызы