Әдеттегідей өздерінің кезекшілік міндетін атқарып жүрген облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2 полиция батальонының полиция аға сержанттары — Нұрбол Жанғалиев пен Арман Орынбасаров сағат 11:30 шамасында бейнебақылау камерасы арқылы белгісіз азаматшаның көпірдің астымен өтіп бара жатқанын байқап қалады.
Камерадан көрінбей қалған азаматшаны іздеген полицейлер көпірдің астыңғы жағына шығады.
Сол мезетте жас келіншектің көпірден секірейін деп жатқанын байқап, біреуі алдыңғы жақтан шығып, «секірме!» деп айқайлап, тоқтатуға тырысады.