Қаржы • 10 Сәуір, 2023

Доллар бағамы бәсеңдеді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 444,29 теңгені құрап, 0,94 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы бәсеңдеді

Еуро, юань және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 485,59 теңгене, юаньді - 64,79, рубльді – 5,36 теңге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 443-447 теңгеден, еуроны – 484-490 теңгеден, ресей рублін – 5,4-5,8 теңгеден сатып алады/сатады.

Айта кетсек, бүгінгі сауда барысында мұнай бағасы біршама төмендеді. Мәселен, маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,25%-ға, барреліне 84,91 долларға дейін, WTI-дегі мамыр фьючерстерінің бағасы 0,15%-ға, 80,58 долларға дейін төмендеді.