«10 сәуірде сағат 09:48 шамасында Toyota Land Cruiser Prado көлігінің 37 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы бойымен келе жатып, жолақты ауыстыру кезінде көлікке жол бермей, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан көлік аударылып қалды», делінген жергілікті полиция таратқан хабарламада.
Айта кетсек, Toyota Land Cruiser Prado көлігі инерция салдарынан тағы екі көлікпен соқтығысқан.