Бұл жолы да көрме алаңы отандық қолөнершілермен қатар Өзбекстан, Қырғызстан шеберлерінің бұйымдарымен толықты. Көше бойын алқызыл көркем туындылар алаңына айналдырған шеберлер келушілерді Шығыс жауһарына айналған құнды жәдігерлердің тарихымен, жасалу әдістерімен таныстырып, қызықты ақпарат беруге тырысады.
Кейінгі жылдары тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие бола бастаған қолөнер бұйымдарын шетел нарығына шығарудың менеджменті жасалып, сала жанашырлары ата-баба кәсібін заманауиландыру, табыс көзіне айналдыру тетіктерін қарастырып отыр. Осы орайда жақында Дубайда өткен «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы осы бағытта жасалған іс-шаралардың бірі ретінде белгілі. Конференция алаңында Орталық Азиядағы электронды коммерцияны дамыту мәселесі талқыланып, отандық қолөнершілердің NOVICA хабына қосылу мүмкіндіктері қарастырылған болатын. Бұл отандық шеберлердің халықаралық сауда кеңістігіне шығуымен қатар, сауда алаңдарын кеңейтуге, Орталық Азиядағы инклюзивті экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін болады.
АЛМАТЫ