Білім • 11 Сәуір, 2023

Елімізде екінші сынып оқушылары үшін шет тілі алынып тасталуы мүмкін

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алынып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде екінші сынып оқушылары үшін шет тілі алынып тасталуы мүмкін

Құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шетел тілі» пәні алынып тасталатыны айтылды.

10-11 сыныптар үшін «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

«11 жылдық білім беру шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесі деңгейіне дейін жеткізеді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді», деп айтылған түсіндірме хатта.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.