Әлем • 11 Сәуір, 2023

Танзанияда жүк көлігі өзенге құлап, 13 адам қаза тапты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбіге қараған түні аукционнан кейін жүк көлігіне отырған 13 саудагер қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Оқиға Танзанияның оңтүстігіндегі Рувума аймағында жүк көлігінің өзенге құлауы салдарынан орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақапарат агенттігіне сілтеме жасап.

Танзанияда жүк көлігі өзенге құлап, 13 адам қаза тапты

Рувума аймағының полиция басшысы Марко Чиглия оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00-де болғанын айтты. Сөз болып отырған жүк көлігі тік төбеден шығып келе жатып, аударылып, Нжока өзеніне құлаған.

«Саудагерлер Ндонгози ауылындағы тауар аукционынан Сонгеа округінің Наматухи ауылына бара жатқан», деді М.Чиглия баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, полицейлер жол апатының себебін анықтап жатыр.