Саясат • 12 Сәуір, 2023

ЛГБТ идеологиясы ұлттық құндылықтардың тоз-тозын шығарады - Ардақ Назаров

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында қазақстандық жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды дамыту маңызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЛГБТ идеологиясы ұлттық құндылықтардың тоз-тозын шығарады - Ардақ Назаров

«8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ олай болмады. Жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастады, соңында ЛГБТ-ны насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр», деді ол.

Халық қалаулысының сөзінше, соңғы кезде еліміздің ақпараттық кеңістігінде ЛГБТ идеологиясы еркін насихатталып жатыр.

«Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін бұзып, ұлттық құндылықтарымыздың тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал дәстүрі мен руханиятынан айрылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды», деп атап өтті депутат.

Осыған байланысты Ардақ Назаров келесі ұсыныстарды шұғыл назарға алуды сұрады.

«Митингке (авт. – Астанада өткен) келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынсын. Барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын. Теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілсін. Республикадағы оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылсын», деп қорытындылады депутат.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше