Ғылым • 12 Сәуір, 2023

Академиктерге өмір бойы стипендия төленеді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Академиктерге өмір бойы стипендия төленеді

«Ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерекше болады. Ғылым академиясына жақында Президент жанындағы орган мәртебесі берілді. Оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды», деді Президент. 

Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Қазақстанда академиктер тым көп, алайда кейбір академиктердің таза ғылымға еш қатысы да жоқ.

«Бір қарағанда, академик деген аты бар. Бірақ ғылымды дамытуға қосқан үлесін ешкім білмейді. Осындай академиктердің ғылыми сапасы да, олардың ғылымға қосқан үлесі де күмәнді. Бұл Академияға нұқсан келтіргені сөзсіз. Сондықтан Академияның жаңа басшылығы осы маңызды мәселеге назар аударуы керек. Ғылым академиясының беделі, абыройы мінсіз болуы қажет. Нағыз ғалым болу – академик не болмаса доктор атағына ие болу емес, жан-дүниеңмен беріліп ғылыммен айналысу, зерттеу жүргізу арқылы қоғамға, елге пайдаңды тигізу екенін назарда ұстау қажет. Академияның жұмысы түбегейлі өзгеруге тиіс», деді Тоқаев.