Зияткерлік мектептерде келесі оқу жылында білім алуға республикалық бюджеттен 2 664 грант қарастырылды. Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларына – 144 грант, өңірлік мектептерге – 120 грант бөлінді.
Биылғы жылдың маңызды ерекшелігі – шекті балл жинаған үміткерлер оқу тіліне қарамастан бірыңғай сараланып, әрбір Зияткерлік мектепке бекітілген.
Сонымен қатар әр мектепке үміткерлердің резервтік тізімі бекітілді Гранттар оқу жылының соңына дейін босаған орындарға әрбір мектептің резервтік тізіміне сәйкес тағайындалатын болады.
«Өркен» грант иегерлерінің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.