Өндіріс • 13 Сәуір, 2023

Өнеркәсіпті әртараптандыру жоспары

486 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Экономиканың шикізаттық бейініне қарамастан, Үкімет мұнай химиясы мен металлургияның аралас салаларындағы өндірістік желіні белсенді түрде кеңейтуде. Қазіргі әлемдік ахуал елімізде өңдеу саласын дамытуға көбірек көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді. Әсіресе ОПЕК+ бірлескен мониторинг комитетінің 48-ші­ отырысында қабылданған шешім бойынша Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуға мәжбүр. Осы орайда Үкіметтің өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге арналған тұжырымдамасында өңдеу секторы негізгі орын алатынын атап өткен жөн.

Өнеркәсіпті әртараптандыру жоспары

Өңдеуші өнеркәсіпті дамы­ту­дың 2029 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасы орта және жоғары қайта­ бөлу өнімдерін шығаратын техно­логиялық прогрессивті өнер­кәсіпті құруға бағытталған. Саланы дамытудың жүйелі шара­ларының ішінде өндірісті шикі­зат­пен қамтамасыз ету, жаңа кен орын­дарын игеру, өнеркәсіптік инфра­құрылымды дамыту және ірі кәсі­п­орындардың айналасын­да­ шағын және орта бизнес бел­деуін құру қарастырылған. Осы мақ­­сатта 500 млрд теңгеден астам­ сомаға өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру көз­­де­ле­ді. Белгіленген жылдар­ ішінде жалпы сомасы 33,1 трлн­ теңгеге 868 жаңа жоба іске­ қосылып, 147 мың жұмыс орны­ ашылады деп­ болжануда. Жос­­парланған іс-шара­­ларды жүзе­ге асырудан­ өн­дірістің нақты­ өсуі 2029 жылы 1,5 есе, негіз­г­­­і капиталға инвес­ти­циялар 19,8 трлн теңгеге дейін өсе­тіні күтілуде.

Әзірге Қазақстан экономикасы­ ІЖӨ-нің шамамен 19 пайызын ала­тын мұнай секторындағы жағ­дайға айтарлықтай тәуелді. Ресей­лік АКРА рейтингтік агент­тігінің сараптамалық есебі осы­ған­ саяды. Агенттік сарап­шы­ла­ры­ 2004 жылы елдегі мұнай сер­пілісі басталғаннан кейін ши­кізат өндіру іс жүзінде ел өнер­кәсібінің даму динамикасы тұрғы­сынан негізгі және тренд құрау­шы элементке айналғанын атап­ өтеді. 2011 жылға қарай мұнай­-газ өнеркәсіптік өндірісте 54 пайыз шыңына жетті.

Десе де кейіннен жоспарлы­ әрта­­­раптандыру жүріп жатыр. Сара­­п­­шылардың айтуынша, егер­ 2011 жылдан 2020 жылға дейін­ өнеркәсіптік өндіріс құры­лы­мын­­да өндіруші бағыттар басым болса, соңғы екі жылда бұл үрдіс аяқ­талды. Сонымен 2020 жылы ре­­цессия аясында өңдеу көлемі бо­­йынша өндірістен асып түсті, ал 2021 жылы бұл сегменттер 46 па­йыз­­ және 48 пайыз пропорцио­нал­ды үлестерге ие болған.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылы­­мындағы сипатталған өзгеріс­тер­ді өндіруші және өңдеуші сала­лардың құрылымы мен­ дамуындағы үш негізгі айыр­ма­шы­лықпен түсіндіруге болады. Бірін­шіден, өңдеу өнеркәсібі тұрақ­ты өсуді көрсетті. 2012 жыл­дан 2022 жылға дейін өңдеу­де­гі орташа жылдық номиналды­ өсім өндіру сегментінен бір жарым­ есе жоғары болды. Егер өндіруші салаларда 2009, 2015 және 2020 жылдары номиналды түрде құлдырау кезеңдері байқалса, онда өңдеу 2009 және 2015 жылдары айтарлықтай төмен­деді. 2020 жылы экономи­ка­да рецессия болған кезде өсу айма­ғында қалды. Тиісінше, өңдеу­ өнеркәсібінде өсу қарқыны айтар­­лықтай тұрақты, ал өндіру­ші­ бағыттардың динамикасы құбыл­малы.

Екінші сәт. Мұнай мен газды өндіру­ (70-80 пайыз) өндіруші өнер­кәсіптің өзегі болып қала­ береді, бұл сегментті іс жүзін­де біртекті етеді. Өңдеу өнер­кәсі­бі­нің құрылымы гетерогенді, оның метал­лургия, тамақ өндірісі, химия­ өнеркәсібі сынды бірнеше маңыз­ды және белсенді дамып келе­ жатқан бағыттары бар.

Үшінші мәселе – тау-кен өнер­­­­кәсібінде 2022 жылы негізгі ка­пи­­талға инвестициялар 2010 жыл­ға қатысты нақты мәнде тө­мендеді, ал қайта өңдеудің кей­бір сегментінде анағұрлым ма­ңыз­ды болып саналатын қалыпты өсу­ байқалды. Нақты көріністегі инве­с­тициялардың ең көп ағыны негі­зінен өңдеу салаларына әсер етті­. Ал фармацевтика, кокс, мұнай өнімдері, резеңке және плас­т­масса бұйымдары, дайын­ металл бұйымдары өндірісі, сон­дай-ақ жиһаз, химия және цел­люлоза-қағаз өнеркәсібі рекордшылар болды.

Жалпы, АКРА атап өткендей, бірқатар өңдеуші салаларға не­ғұрлым белсенді инвестиция­лау кезінде шығарылымның тұрақты өсуі аясында Қазақстан өнеркәсібі мұнай мен газ өндіруге аз шоғырлана отырып, барынша әртараптандырылып жатыр.