Қоғам • 13 Сәуір, 2023

Әлібек Қалбайдың өлімі: сотталған сарбаздың түрмеде жазған өлеңдері жарияланды

896 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбаз 9 жыл бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлібек Қалбайдың өлімі: сотталған сарбаздың түрмеде жазған өлеңдері жарияланды

Жас сарбаз Әлібек Қалбай Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған болатын. Оның өліміне әскери борышын өтеп жүрген Айболат Аманжолов күдікті деп танылып, сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Алайда марқұмның туыстары мен 18 жастағы сарбаздың анасы бұл шешіммен келіскен жоқ. Анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, сот тергеуі атүсті жүргізілгенін жеткізді.

Айболат Аманжоловқа қатысты сот шешімі 10 сәуірде жарияланды.

Сарбаздың түрмеде отырып жазған өлеңдері

Армысың ана, аманбысың жан әке

Жазықсыздан жарылғалы тұрмын мен міне

Елігіп айтсам ең ақырғы сөзімді,

Өлтіргем жоқ мен ешкімді

Аспан куә, тау-тасың куә,

Қалса одан әруақ Әлібек...

***

Байқадың ба ана, самайды ақ басқанын

Ерте есейіп қалғанын сенің балаңның

Тозақтай болып өмірде бұл жалғанның

Күйдіріп жанды ашытып бара жатқанын

***

Отан үшін ел қорғауға келгем мен

Солдат болам ер-жігіт боп елге қайтам дегенмін

Бірақ айнала тұнған қара түсті тастардың

Білмеппін көміліп астында қалғанымды мен

***

Қара бұлт та кетпеді менің төбемнен

Ол да сұмдық бір арам ойды сезгендей

Бұлт артынан күннің де бір шығарын

Білсем де мен, сағымдай алыс болып кетпегін

***

Алла алдында ант беремін қасиетті ораза айында

«Өлтіргем жоқ», бұл мендегі бар шындық

Егер де мен қаралыққа жол берсем,

Ағып түссін көзімдегі қарашық

***

Неге мені, неге мені шеттетіп «әлгі» таңдады

Біле ме әлде артымда «дәу көкем» жоқ екенін

Тәлкекке түсіп кетпесе екен тағыдырым,

Құрбан болған жазықсыз Сәбира мен Қайраттай...