Қоғам • 13 Сәуір, 2023

«Біреу қуанса, біреу өмір үшін арпалысып жатады». Перзентхананың алдында той тойлау әбестік

6016 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық перинаталдық​ орталығы Facebook парақшасында перзентханаға баланы шығарып алуға келгенде шоу-бағдарлама жасап, түрлі аниматорларды жалдамауға өтініш жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біреу қуанса, біреу өмір үшін арпалысып жатады». Перзентхананың алдында той тойлау әбестік

«Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық перинатальдық​ орталығы ғимаратының алдында​​ сәбилерді​ үйге шығару ​шарасы шоуға​ айналды десек болады. Күнде сағат 14:00-ден​ бастап жұмыс аяғына дейін ​ орталық алды тойдағыдай у-шу, қып қызыл би, қымбат көліктер, шоу бағдарламалар, түрлі аниматорларға толып, ​тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Қанша ескертсек те қарапайым халық та, аниматорлар да түсінер емес. Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқанына бір жеті де толмаған сәбиге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, баян, домбыра, әншілерді, аниматорларды жалдап, дрон ұшырып, өлең айтып, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдетке айналдырып отыр», делінген хабарламда. 

Бұл ретте орталық қызметкерлері «бұл - ең алдымен медициналық мекеме» екенін түсіндіріп өтті.

«Ең алдымен, біздің орталық – медициналық мекеме. Мұнда тек қуаныш қана емес, басқа да жағдайлар болып жатады. Бір аналар сәбиін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі​ жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатады. Әсіресе, өте аз​ 500,0 -700,0 гр салмақпен дүние есігін ашып, 2-3 ай бойына арнайы құрылғыларға қосылып, оңалтудан өтіп жатқан сәбилерге тыныштық аса қажет. Музыканың үні дауыс күшейткіші арқылы қатты шығады​ және ол барлық бөлімдерге анық естіледі», деп жазды Маңғыстау облыстық перинаталдық орталық.

Сондай-ақ мұндай шулы жағдай медицина қызметкерлерінің де жұмысына кедергі келтіретіні атап өтілді. 

«Перзентхананың​ алдында той-думан ұйымдастырмай, шығаруға 2-3 жақын адамдары келіп, перзентханадан шығарып алса құба-құп болар еді», деді орталық қызметкерлері.