Күрес • 13 Сәуір, 2023

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Болат Сақаев (79 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Бекзод Абдурахмановпен шеберлік байқасты. Ол қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Болат Сақаев финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Атахуновты жеңіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Сондай-ақ Рахат Қалжан Азия чемпионатында қола алды.

Енді ел құрамасынан Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.