Мәселе • 14 Сәуір, 2023

Шошқа баққанға сот жоқ па?

319 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өскеменнің іргесіндегі шошқа фермасына қатысты дауға сот шешімі нүктесін қойған шығар десек, жеке кәсіпкер әлі күнге дейін шаруасын еш алаңсыз дөңгелетіп отыр. Басшылықтың пәрменсіздігіне наразы болған Степное, Лесхоз ауылының тұрғындары БАҚ өкілдеріне тағы хабарласты.

Шошқа баққанға сот жоқ па?

Елді мекеннің қақ орта­­сын­­­да жүздеген шошқа бағып отыр­­­­­­ған кәсіпкерге тұрғындар ­бая­ғы­дан қарсылық білдіріп келе ­жатыр. Айтуларына қара­сақ, доңыздың нәжісі топы­раққа сіңіп қалғаны соншалық, сол маңайдағы құдықтардан су ішу мүмкін болмай қалған. Ал төңіректегі иіс жыл он екі ай қолқаны қабады. Қар еріп, көктем шыққан уақытта кү­лім­сі иіс киімге дейін сіңіп қа­лады екен. Айналып келгенде, шошқа фермасы қоршаған ортаға едәуір зиян шектіріп отыр.

Жуықта Өскемен қалалық әкімдігінің өкілдері, құқық қор­ғау, ШҚО бойынша эколо­гия департаментінің қызмет­керлері және БАҚ өкілдері Өскемен қаласының іргесіндегі Лесхоз ауылына барып, шошқалар­ды заңсыз өсіру және сою фак­­тісі бойынша жергілікті тұр­ғындармен кездесу өткізді.

чпр

Естеріңізге сала кетейік, Шы­­ғыс Қазақстан облысының ма­мандандырылған аудан­ара­лық экономикалық сотының 2022 жылғы 21 қарашадағы №6309-22-00-2/3005 шеші­мі­мен ШҚО бойынша эколо­гия департаментінің «Митин А.Б.» ЖК-не талап-арызы не­гізінде Өскемен қаласының Шмелов Лог ауданындағы шош­қа фермасының және Лес­хоз кентіндегі сою цехының қызметі тоқтатылған еді. Алай­да Лесхоз тұрғындары БАҚ өкілдеріне сот шешімінің орын­­далмағаны туралы айтып, облыстық экология депар­та­ментіне сою цехына қатысты шаралар қабылдауды сұрап тағы да хабарласқан. Кездесуде бұл мәселе тағы өткір көтерілді.

– Сою цехына іргелес аумақ­­ты тексеру барысында тұр­­ғындардың дәлелдері рас­талғаны анықталды. «Митин А.Б.» ЖК әлі күнге дейін шош­қа асырап отыр. Оның учас­кесінен шошқа нәжісімен лас­танған еріген қар суы көшеге ағып жатыр. Атмосфералық ауада шошқа фермасынан шы­ғатын адам төзгісіз иіс және бар. Оның құрамындағы зат­тар адам денсаулығына зиян. Осыған байланысты жер­гі­лікті тұрғындармен кездесу нәти­желері бойынша және ұсы­нылған материалдар негізінде экология департаменті әді­лет департаментіне Өскемен қала­сының Шмелов Лог ауда­нындағы шошқа фермасы­­ның және Лесхоз кентіндегі сою це­­хының қызметін тоқтату тура­лы атқарушылық іс қозғауға қайта бастамашылық жасайды, – деді ШҚО экология депар­та­ментінің мемлекеттік бас маманы Ақнұр Құнафина.

Ал облыстық әділет депар­таментіндегілер тексеру кезінде фермада талпақ танаулардың болмағанын айтады.

– Осыдан кейін Өскемен қаласы бойынша сот актілерін орындау бөлімінің мемле­кет­тік сот орындаушысы Е.Қуа­нышбаев сот шешімінің орын­далуына байланысты 2023 жылдың 4 сәуірінде өз қау­лы­сымен атқарушылық іс жүр­гізуді тоқтатты. Оған Степ­ное және Лесхоз кенттеріндегі шош­қа фермасына баруы қажет болған. Фотоматериалдарға сәйкес шошқа фермасында жануарлар шын мәнінде жоқ болды. Тексеру кеткен соң жұ­мысын қайта бастауы да мүмкін. Қазір сол сот орындау­шы еңбек демалысында. Ал біз тұрғындар және экологтар шағымына орай тексеруді қай­та бастаймыз, – деді әді­лет департаменті атқарушы­лық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нұржан Құрманғалиев.

Ауаны да, жерді де, суды да ластап отырған кәсіп­кер­дің өзі төбе көрсетпек түгі­лі байланысқа да шық­пады. Тұр­ғындардың айтуын­ша, «Ме­нің фермам жұмы­сын тоқ­татпайды» деп мысқыл­дайтын да көрінеді. Бұл мәселе жауапты құзырлы мекемелер тарапынан ерекше бақылауға алынды. Ал нүктесі қашан қойы­лары әлі белгісіз. Сот шешімі неге пәрменсіз, ол жағы тағы түсініксіз.

 

Өскемен