Қоғам • 17 Сәуір, 2023

Республикалық трассалардың 15 учаскесіне шектеу қойылды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық трассалардың 15 учаскесіне шектеу қойылды

Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.

Өткен тәулікте жолшылар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.