Төтенше жағдай • 17 Сәуір, 2023

Жаңаөзенде үйінділер астынан тағы үш адам құтқарылды

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзенде құтқарушылар үйінділер астынан тағы үш адамды алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде үйінділер астынан тағы үш адам құтқарылды

«Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала. Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам және 3 адамның мәйітін алып шықты», делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылған.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды.

Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.

Кейінірек Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беретінін хабарлады.