Әлем • 17 Сәуір, 2023

Мексикада әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі оянды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі оянды, деп хабарлайды Egemen.kz Volcano Discovery сайтына сілтеме жасап.

Мексикада әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі оянды

Төтенше жағдайлардың алдын алу ұлттық орталығы (Cenapred) Мексиканың Ұлттық автономиялық университетімен (UNAM) бірлесіп жүргізген күнделікті мониторингіне сәйкес, Попокатепетль жанартауында соңғы 24 сағатта 148 шығарындылар тіркелген.

Попокатепетль Мексика астанасы Мехико қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 64 шақырым жерде орналасқан. Бұл әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі.