Театр • 18 Сәуір, 2023

«Еріксіз емші» – ерекше қойылым

497 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ерекше қойылым деп отырғанымыз, облыстық драма театрда болған «Еріксіз емші» спектаклін көрермен сахнада отырып тамашалады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпелі театр стиліндегі комедияның премьерасына барған ел әй бір күлкіге қарық болды-ау. Құр күлкі емес, қойылымда мән бар, мағына бар. Қоғам мәселесін және қаузаған.

«Еріксіз емші» – ерекше қойылым

Француз комедиографы­ Жан­ Батист Мольердің «Еріксіз емші»­ туын­дысы Сганарель есім­ді қара­па­йым ағаш кесуші туралы. Оның көзі­ ашық, көкі­ре­гі ояу азамат бол­ғанымен, ішкі­лік­ке жақын. Қыз­-келіншектерге қы­рын­дап қоя­тыны тағы бар. Әйелі Мар­­ти­на – күнделікті үй тірлігін күйт­­теп жүрген қарапайым жан.­ Күн­дер­дің­ күні ащы судан­ ұрттап алған Сга­нарель Мар­ти­наны сабайды. Оны­ байқап қал­ған көршісі араша­ бол­мақ еді, әйелі: «Сабағысы кел­ген шы­ғар, сабасын, өз күйеуім», деп­ қорғауға келген жігіттің беті­нен ала түседі. Ерлі-зайып­ты­­ның арасына түскен жігіт өкініп қалса керек. Алайда әйелі күйеуінің бұл бассызды­ғы үшін өш алуға ниеттенеді. Іздегенге сұраған демекші, Жеронт бай­­дың мылқау қызына ем­ші­ іздеп жүрген қос жолаушы Мар­ти­на­ға жолығып қалады. Жөн сұ­раса келе, күйеуінен теперіш көр­ген әйелдің ойына кек алу әдісі­ сақ ете қалмасы бар ма?! Дәруіш іздеп жүргендердің аң­­ғал­­­дығын байқаған әйел кез келген аурудың бетін қай­тара­тын­ емшінің бар екенін айтып,­ орманда отын дайындап­ жүр­ген­ күйеуіне қарай бағыттап жібе­ре­ді. «Тәуіп емшілік қасиетін жа­сы­­рады. Емші екенін мойын­да­май­ жатса, сабап алу керек»­ деп, солар­­дың қолымен кек алу ойын­ жүзе­ге асырмақ болады.­ Ақы­ры­ жүзе­­ге асырды да. Оны­­­­мен қой­­май, кү­йеуі­ өзін емші­­мін деп мойын­­дап, бай­дың қы­зын емдеу­ге­ ­­келісім бер­ді. Ел құлағы елу. Сга­на­­рельдің дәрігер екені дүйім жұрт­қа мәлім болады. Ақыры «еріксіз емші» өз өмірін қатерге тігіп, байдың қызы Люсинданы емдеуге кіріседі. Шындығында, ол қыз ауру емес еді, тек әкесі қарсы болып, ға­шы­ғы Леандрға қосыла алмай жүр­ген. Мұны білген «еріксіз емші» екеуінің бір-бірімен табысуы үшін барын салады. Есесіне, қалтасын да қампитады.

Қойылым көпшіліктің көңі­лі­нен шықты. Барлығы қол со­ғып, қошеметтеп, әртістерге, режис­­серге, суретшіге ризашы­лығын білдірді. Шыққан соң да театр холында спектакльді тал­қы­ла­сып­ жатты...

«Спектакльді жақыннан та­ма­­­­­­­­ша­лаудың өзі ерекше екен.­ Бей­небір ХVІІ-ХVІІІ ғасыр­да­ғы­­ Францияға еніп кеткендей­ әсерде болдық. Жастар теат­ры­ны­ң қойылымдарын жібермей көруге тырысамын. Әртістер­дің­ шеберлігіне сөз жоқ. «Театр – өмір айнасы» деуші ме еді?! Кейде кейіпкерлерден өзімізді көріп отырамыз», дейді театр­дың­ тұрақты көрермені Айдана Болат­қызы.

 

ӨСКЕМЕН