09 Шілде, 2014

Онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Онлайн-тексеру жүйесі мемле­кет­тік қызметке үміткерлердің тес­тілеу сертификаттарының түпнұс­қа­­лылығын анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің баспасөз қызметі. Азаматтардың мемлекеттік орган­дардағы мемлекеттік әкімшілік лауа­зым­дарға орналасу үшін конкурстарға қатысу кезіндегі алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсат­ын­да сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе ағымдағы жыл­дың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді. Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында, «Тестілеу» айдарының «Тестілеу нәтижелері» бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама оның ТАӘ, тестілеуден өткен күнін, «Өтті/Өтпеді» деген мәртебесін, лауазымның санатын және тест тапсырған өңірін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды осы бағдарламаның жұмысы жөнінде хабардар етті. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) өздерінің міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы серти­фи­каттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті.