ҰҚК Шекара қызметі Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге болатын жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдажұманов Сенат кулуарында оған көмектескендер болуы әбден мүмкін екендігін айтты.
«Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой, ол жерде тау жотасы 672 шақырым ғана. Оның өзі шыққан жерде, тауда, елді мекенде шаруашылығы бар. Негізінде, өткізуге көмектескендер де болуы мүмкін. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», деді Е. Алдажұманов.
ҰҚК Шекара қызметінің директоры Бас прокуратура қылмыстық іс қозғағанын еске салды.
«Қырғызстандық әріптестер де аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іске Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы да жауапты. Олар бізге әзірге ақпарат бере алмайды», деп түйіндеді Ерлан Алдажұманов.