Оқиға • 20 Сәуір, 2023

Жүргізушілерге құрма таратып жүрген жасөспірімді көлік қағып кетті

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жүргізушілерге құрма таратып жүрген 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүргізушілерге құрма таратып жүрген жасөспірімді көлік қағып кетті

Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан жасөспірім жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені көрінеді. Сол мезетте автокөлік автобустың оң жақ шетімен келе жатып, жүргізуші жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Оқиға 18 сәуір күні кешкі сағат 19:45 шамасында Абай даңғылындағы Жетісу-3 шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған.

«Toyota Camry жүргізушісі жолды дұрыс емес жерден кесіп өткен баланы қағып кеткен. Оқиғадан бір сағат бұрын жеткіншек ауызашарға үлгермеген жүргізушілерге құрма мен су таратып жүрген. Ол футбол ойнауды жақсы көрген, үлкен мақсаттары бар талантты ойыншы еді», деді марқұммен бірге жаттыққан досы.