09 Шілде, 2014

Ақпараттар ағыны

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*ЭКСПО-2017 пави­льон­дарының негізгі құры­лымдары 2015 жылғы қазан айына дейін салынып бітеді. «Астана ЭКСПО-2017»  Ұлттық ком­паниясының басшысы Талғат Ермегияев, сонымен қатар, ЭКСПО-қалашықтың «нөлдік кезеңін» құрылысшылар кестеден бұрын аяқтауды жос­парлап отырғанын айтты. *Келесі жылы Қазақстанда тағы 20 мемлекеттік қызмет автомат жүйесіне көшеді. Бұл туралы хабарлаған Байланыс және ақпарат агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы электрондық үкімет арқылы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша жүргізілетін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға қатысу үшін құжатты тапсыруға болады. l Таразда «Нұр Отан» пар­тия­сы қатарына қабылдан­ған­дарға партия билеті тапсырылды.  Бұл шараны жүргізген Жам­был облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкі­рекбаев жиналғандарды Ас­тана қаласының мерекесімен құттықтады. *Ақмола облысында құ­ры­лыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды. Бұланды ауда­нының орталығы Макин қа­ла­сында бой көтерген бұл өнді­ріс орны ағаштан құрылыс ма­териалдарын шығаратын «TransTechMash LTD» ЖШС күшімен пайда болды. Кәсіп­орынның қуаттылығы жылына 300 000 дана шпал, 5 мың текше метр тақтай шығаруға жетеді. *Шығыс Қазақстанда үздік журналистер марапаттарға ие болды. Өскеменде өткен журналистер форумында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерін өткен кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, олардың арасындағы журналистика саласын дамытуға үлес қосып келе жатқандарына сый-сияпаттар тапсырды. Жиында жалпы 63 журналист марапаттарға қол жеткіз­се, солардың 9-ы аймақ басшы­сының номинанты атанды. *Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдері 25,8 пайызға артық өндірілді. Бұл туралы мәлімдеген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 5 ай­дың қорытындысында ауыл ша­руашылығы өнімінің көлемі 453,1 млн. теңгені құрап, оның нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінің 125,8 пайызын құрағанын айтты. *Ақтау өрт сөндіру­ші­­лері «Қауіпсіз балалық шақ» акция­сын өткізді. Ол әр­түр­лі конкурс түрінде ұйымдас­тырылды. Сайысқа 4 балалар тынығу лаге­рінің командалары қатысты. Нәти­жесінде жеңім­паздарға жүл­делер табыс етілді. Хабарлар «ҚазАқпарат», Аltaynews.kz, Lada.kz,Egemen.kz агенттіктері, «Уральская неделя» газеті мен Қызылорда қаласы әкімдігі сайттарының деректері бойынша дайындалды.