Президент • 21 Сәуір, 2023

Президент Ораза айт мерекесімен құттықтады

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қадірлі отандастар!

 

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы.

Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлты­мыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұр­тымыз үшін қадірлі ұғымдар.

Ораза айт – елдігімізді еселей­т­ін мереке. Біз мемлекеті­міздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз.

Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін!

Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!

Айт қабыл болсын, ағайын!

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025