Оқиға • 23 Сәуір, 2023

ФИФА президенті Қазақстанға келеді

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың шақыруымен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ФИФА президенті Қазақстанға келеді

Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған.

Былтыр күзде Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарын талқылаған еді.

Джанни Инфантиноның Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланып,  Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру бағыттары қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024