Қоғам • 23 Сәуір, 2023

Түркістан облысындағы жол апатынан 3 адам көз жұмды

2093 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы жол апатынан 3 адам көз жұмды

Жол апаты Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында болған. Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды.

Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталып жатыр.

«Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады», деді Отырар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медет Бөрібеков.