Музей • 23 Сәуір, 2023

Ізгілікті мәдениет

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұрпақты елдікке, отаншыл­дық­қа тәрбие­леуде, жұртшылыққа тарихи-та­нымдық, ағартушылық қызмет көрсетуде музейдің қызметі ерекше екені белгілі. Осыған орай Байзақ аудандық пробация қызметі­нің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрі тағайындал­ған азаматтардың рухани байлығын арттырып, мәдени көзқарасын қалыптастыру мақ­са­тында аудандық тарихи-өлкетану музейінде іс-шара ұйымдастырылды.

Ізгілікті мәдениет

Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрі бойынша сотталғандар қатысты.

Іс-шара барысында тарихы ғасыр­лардан сыр шертетін, ауданның кешегісі мен бүгінін айшық­тайтын «Археология», «Даңқ», «Аудан тарихы», «Эт­но­графия», «Мәдениет және спорт» залдары таныстырылды. Сонымен қатар аудан орталығы Сарыкемер ауылының басты көшесіндегі «Батырлар аллея­сында» ауданнан шыққан 27 Социалистік Еңбек Ерінің жә­не Кеңес Одағының Баты­ры Ағәділ Сухамбаевтың, бей­біт күнде ерлік жасаған Ха­лық қаһарманы Ғазиз Байта­сов­тың, Олимпиада чемпионы, Қа­зақстанның Еңбек Ері Жақ­сылық Үшкемпіровтің өмір жолдарынан ақпарат алды.

Пробациялық бақылау бел­гі­ленген азаматтар шарадан жақ­сы әсер алып, рухани тұ­рғы­дан бір байып, құнды ақпа­рат­тармен танысқанын айтып, ұйым­дастырушыларға ризашылығын жеткізді.

 

Айнагүл МАМЫТБЕКОВА,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану

музейінің ғылыми қызметкері

 

Жамбыл облысы