Білім • 24 Сәуір, 2023

ҰБТ-ның сұрақтары мен форматы түбегейлі өзгереді - Саясат Нұрбек

969 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары мен емтиханның өткізілу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ-ның сұрақтары мен форматы түбегейлі өзгереді - Саясат Нұрбек

Саясат Нұрбек ҰБТ-да мазмұны жағынан мәселелер барын, оның жаттанды жүйеге айналып кеткенін атап өтті. Әрі осы саланы жемқорлық жайлағанын жасырмады. Министр оқушылар тек өз біліміне сенуі керек деді.

Осы тұста ол ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі өзгеретінін айтты. 

«Осыдан үш жыл бұрын үлкен жоба бастадық. Кембридж университетімен бірігіп,  ҰБТ-ның сұрақтарын түбегейлі өзгертіп жатырмыз. Биыл 350 тест даярлайтын адам оқытылады, сертификациядан өтеді.  Бес мың жаңа мазмұнды сұрақ дайындайды. SAT халықаралық емтиханына ұқсатып жасалады. Ол жерде жылдамдық емес, нақты факт емес, адамның ойлау қабілеті бағаланады. Бірақ оны биыл, асығыс тез енгізбейміз. Біз балаларды дайындауымыз керек. Келесі жылдан бастап ҰБТ мазмұны мен форматы да өзгереді», деді Саясат Нұрбек.